Әкесі соққыға жығылғанын хабарлады: Алматы облысында мектеп оқушысының жұмбақ өлімі тергелуде
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы облысында 9-сынып оқушысының соққыға жығылғаннан кейін ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарлама пайда болды. Алайда оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 13 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-на жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған ұлының денсаулығына зиян келтірген белгісіз тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен жүгінген.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді.
"Келесі күні кәмелетке толмаған бала медициналық мекемеде қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде", – деп атап өтті Алматы облысының полиция департаментінің өкілдері.
Алайда ведомствоның хабарлауынша, денені тексеру хаттамасында баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені анықталған.
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық іс бойынша соңғы процесуалдық шешім сараптама аяқталғаннан кейін қабылданады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013317-akesi-soqqyga-zygylganyn-xabarlady-almaty-oblysynda-mektep-oqusysynyn-zumbaq-olimi-tergelude/