Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автокөлікке VIP-нөмір сатып алмақ болған қазақстандық жарты млн теңгесін желге ұшырды

Опубликовано:

Автомобиль нөмірлері
Автомобиль нөмірлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында "әдемі" нөмір алып, шетелдік көлігін тіркеуге үміттенген тұрғын 500 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ірі көлемде қаражат беріп, алаяққа алданып қалғаны туралы арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз біреу шетелдік автокөлігін тіркеп, қазақстандық нөмір алуға көмектесемін деп уәде берген. Осы қызметі үшін күдікті аудан тұрғынынан 500 мың теңге алған.

Аталған жайт полицейлер бірден Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде күдіктінің тағы бір осыған ұқсас алаяқтыққа қатысы бары белгілі болды. Бұл жолы күдікті жәбірленушіге автокөлігіңізге "әдемі нөмір" рәсімдеп бере аламын деп сендірген. Осылайша, тұрғыннан 300 мың теңге ақша алып, бөтеннің қаражатын өз қажеттілігіне жұмсаған", – дейді құқық қорғау өкілдері.

Қазіргі уақытта осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013327-avtokolikke-vip-nomir-satyp-almaq-bolgan-qazaqstandyq-aqsasynan-aiyrylyp-qaldy/

pixel