"20 градусқа дейін аяз, жауын-шашын": алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, 18-20 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), солтүстікте, шығыста қар, бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте жаңбыр, найзағай, сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман және желдің күшеюі күтіледі.
Сондай-ақ 19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің батысында ғана сақталады.
"Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде 7-20 градусқа дейін, күндіз 0-8 градусқа дейін аяз болуы ықтимал", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013337-20-gradusqa-deiin-ayaz-aldagy-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/