Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайлау-2023: Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты үндеу жасады

Опубликовано:

дауыс беріп жатқан сайлаушы
Дауыс беріп жатқан сайлаушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура елімізде 19 наурыз күні өтетін мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күніне қатысты талаптарды еске салды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

"Бүгін сағат 00:00-де сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының кезеңі аяқталады. Сондай-ақ ертең 18 наурызда және дауыс беру күні 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады ("Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 32-бабы").

14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Мұндай сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге болмайды ("Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы")", - дейді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, сауалнаманы тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.

"Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-та дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.

Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Аталған заң талаптары парламент мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты", - дейді Бас прокурордың орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013352-sailau-2023-bas-prokuratura-tynystyq-kunine-qatysty-undeu-zasady/

pixel