Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта балалардың аузына шүберек тығып, ұятты жерін шымшыған балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

бала
Балабақшада ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Балқашта балабақша тәрбиешісінің үстінен адамды қинау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті балабақшадағы түзету тобына баратын сөйлеу және дамында ауытқуы бар балалардың ұятты жерін шымшып, аузы мен мұрнына үстел сүрткен шүберекті тыққан, деп хабарлайды КТК арнасы.

КТК арнасының мәліметінше, ата-ананың бірі тыныш отырған баланың алдына бар салмағымен жайғасқан тәрбиешінің видеосын кездейсоқ көріп қалып, полицияға арызданған.

Арна мәліметінше, аталмыш жайтқа қатысты "кәмелетке толмаған балаға дұрыс қызмет көрсетпеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ бақылау камарасына түскен басқа видеоларды көрген полиция қылмыстық істі "адамды қинау" бабына өзгерткен.

КТК мәліметінше, видеода күдікті тәрбиеші балаларды ұрып-соғып, ұятты жерлерін шымшып, үстел сүрткен шүберекті аузы мұрнына тыққан.

Қазір күдіктіге психикалық сараптама тағайындалған. Сонымен қатар ол жұмыстан шығарылып, балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланған.

"Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 110 бабы, яғни "қинау" бабына сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Тергеу орындары соңғы жарты жылдағы бейнежазбаларды тәркілеп алды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалды шешім қабалданатын болады", - деді Қарағанды облысы полция департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013399-balqasta-balalardyn-auzyna-suberek-tygyp-uyatty-zerin-symsygan-balabaqsa-tarbiesisine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel