Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қандай көліктер жиі ұрланатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көлікпен жолда
Көлік. Фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігі елімізде жиі ұрланатын көлік маркасын және автокөлік ұрлауға себеп болатын жағдайларды мәлім етті, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің соңғы бес жылға жасаған талдауы бойынша жиі ұрланатын көлік маркалары:

  • Барлық маркалы ресейлік автомобильдер – 73 пайыз;
  • Toyota – 13 пайыз;
  • MAZDA – 5 пайыз,
  • Nissan – 3 пайыз;
  • Audi, Hyundai және Lexus – 2 пайызды құраған.

Сонымен қатар полиция мәліметінше, автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап кетуге ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар бар. Олар:

  • Күзет дабылдарының болмауы (айдап әкетудің 70 пайыз жағдайында дабыл болмаған);
  • Автокөлікті ұзақ уақытқа қараусыз қалдыру;
  • ТМД елдерінің "сатушыларынан" "қылмыстық" және шектеулері бар автокөліктерді сатып алу;

Сондай-ақ ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға көлікті сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынды.

  • Автокөлікті ешқашан есігі ашық және оталдыру құлыптарында кілтпен қалдырмау;
  • Түнгі уақытта автокөлікті гаражға немесе күзетілетін тұраққа қою;
  • Қылмыскер көлікті тез иемденбеуі үшін шаралар қабылдау: электронды және механикалық ұрылғылар мен GPS маяктарын қамтитын ұрлыққа қарсы кешендермен жабдықтау;
  • Автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмау;
  • Басқа мемлекетте тіркелген автокөлікті сатып алу кезінде, әртүрлі интернет-сайттар қызметтері арқылы ұсынылатын деректер бойынша автокөліктің тазалығын тексеру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013407-elimizde-qandai-kolikter-zii-urlanatyny-belgili-boldy/

pixel