jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Сыр өңіріндегі 11 сайлау учаскесінде әскерилер мен мұнайшылар, емдеу мекемелерінің қызметкерлері дауыс берді

    дауыс беру
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Бүгін Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Осы орайда Сыр өңіріндегі 11 сайлау учаскесінде әскерилер мен мұнайшылар, емдеу мекемелерінің қызметкерлері дауыс берді.

    Қызылорда облысында таңғы сағат 6.00-де 11 учаске ашылды. Қалған учаскелер сағат 7.00-де өз жұмысын бастады.

    Аймақ бойынша барлығы 373 сайлау учаскесі бар. Оның 29-ы ерекше жағдайдағы, яғни әскери гарнизондар, тергеу изоляторлары, вахталық қалашықтар мен емдеу мекемелері.

    дауыс беру
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Алғаш болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5547 әскери бөлімінің 304 сарбазы мен қызметкері өз дауысын берді.

    Тағы бір учаскеде "Құмкөл" кенішіндегі ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар таңмен таласа келісіп, өз дауыстарын берді.

    дауыс беру
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар бір мезетте өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін таныта білді.

    Айта кетейік, Қызылорда облысында 486002 сайлаушы бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.