Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының әкімі дауыс берді

Опубликовано:

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов дауыс берді
Нұржан Нұржігітов дауыс берді. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аймақ басшысы Тараз қаласының "Астана" (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов дауыс берді
Нұржан Нұржігітов дауыс берді. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Бұл учаскеде 2809 сайлаушы тіркелген.

Облыс әкімі бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов дауыс берді
Нұржан Нұржігітов дауыс берді. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысында 499 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, олардың барлығында дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013463-zambyl-oblysynyn-akimi-dauys-berdi/

pixel