Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Жөребеков мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Опубликовано:

Мұрат Жөребеков сайлауда дауыс берді
Мұрат Жөребеков сайлауда дауыс берді. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков депутаттардың сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Жөребеков дауысын өзі оқыған №24 орта мектепте орналасқан №57 сайлау учаскесінде берді.

"Бүгін мен №57 сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық парызымды орындадым. Бұл учаске менің алғашқы мектебім – №24 орта мектепте орналасыпты.

Мұрат Жөребеков сайлауда дауыс берді
Мұрат Жөребеков сайлауда дауыс берді. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мен осы сәтті пайдаланып, дауыс берген соң мектебімді аралап шықтым. Араға ондаған жылдар салып, 1-8 класс аралығында оқыған класыма бардым, партаға отырдым.

Жалпы, бүгінгі сайлау мемлекет басшысы жүргізіп отырған конституциялық реформалардың нәтижесін көрсетеді. Аралас сайлау жүйесінің болуы, яғни кандидаттардың партиялық тізім бойынша да және бір мандатпен де қатысуы – осы жолғы сайлаудың айрықша ерекшелігі деуге болады.

Мұрат Жөребеков сайлауда дауыс берді
Мұрат Жөребеков сайлауда дауыс берді. Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл сайлауға ақтөбеліктер де ерекше мән беріп отыр. Қаламызда 169 сайлау учаскесі бар. Бәрі де таңғы 7-ден жұмысын бастады және 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қала тұрғындары науқаннан тыс қалмай, өз учаскелеріне барып дауыс береді деп сенемін. 330 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Ел мүддесі үшін дауыс беруге шақырамын.

Шаһарымыздың игілігі, дамуы үшін өз тарапымнан қалалық мәслихаттың жаңа құрамымен сындарлы жұмыс жасауға дайын екенімді білдіргім келеді", – деп атап өтті қала әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013500-murat-zorebekov-mazilis-zane-maslixat-deputattarynyn-sailauynda-dauys-berdi/