Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар наурыз мерекесінде қайда демала алады: Еліміздегі ең танымал демалатын орындар

Опубликовано:

Наурыз мерекесі
Наурыз мерекесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар алдағы күндері табиғаттың жаңаруы, күн мен түннің теңелетін күні - Наурыз мерекесін атап өтеді. Биыл ел тұрғындары бұл күнді 3 күн - 21-23 наурыз күндері тойлайды. Осыған орай, мереке күндерін қайда атап өтуге деген сауалға, бүгінгі материалда жауап іздейтін боламыз.

Наурыз мейрамы – көктемнің келуін, табиғиттың жаңаруын білдіреді. Дәстүр бойынша бұл күндері қазақ халқы бір-біріне қонаққа барып, жақындарына молшылық пен қуаныш тілеп, үйді-үйді аралаған. Әр шаңырақта ұлттық тағам - наурыз көже дайындалған. Осыған орай мейрам күндері демалыс жоспарлаған жандар, келесідей жерлерді аралай алады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қайда демалуға болады?

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының тұрғындарына немесе Алматыға демалысын жоспарлаған жандарға Көлсай мен Қайыңды көлдерінде нағыз отбасылық демалыс ұйымдастыруына болады.

Қайыңды көліндегі көрініс
Қайыңды көліндегі көрініс. Көрнекі сурет: instagram.com/jdr.wandering

Сонымен қатар туристер Ұйғыр ауданында орналасқан, Алматыдан 300 шақырымдағы Шонжы ыстық су көздеріне бара алады. Бұл жаққа келушілер маусымы күздің суығынан басталып, мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Шонжыда демалысыңызды жақсы өткізуіңізбен бірге, денсаулығыңызға да пайдалы ыстық су көздері бар. Ыстық су көздерінде қабылдаған ваннаңыз көптеген дертке дауа. Судың құрамында азот, кремний, натрий және кальций тұздары бар. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырушылар қонақтарын дәмді тағамдарымен қуантады.

Шонжыдағы ыстық су
Шонжыдағы ыстық су. Көрнекі фото: instagram.com/hot_travel

Табиғаттың сұлулығына тамсанып, әдемі пейзажды көргіңіз келсе, әнші барханы бар Алтын - Емел ұлттық паркіне немесе Шарын шатқалына барып демалсаңыз болады.

Шарын шатқалы
Шарын шатқалы. Көрнекі сурет: instagram.com/howisee_his/

Орталық Қазақстандағы демалыс орындарын білесіз бе?

Егер сіз Астанада немесе Қарағандыда тұрсаңыз, демалысыңызды Қарағандыдан 300 шақырым жердегі Қызыларай таулы шатқалында өткізуге кеңес береміз. Жергілікті тау шатқалдарындағы иірімдер, ертедегі вулкандардың іздері болып табылады. Оның ең биік нүктесі 1565 метр биіктіктегі - Ақсораң шыңы. Бұл Сарыарқадағы ең биік нүкте болып cаналады. Туристер Шабанбай би ауылындағы қонақ үйлерде тұрақтайды. Демалушылардың еркіне қарай мұнда олар ұлттық тағамдарды дайындауға ат салыса алады.

Ақсораң шыңы
Ақсораң шыңы. Көрнекі фото: instagram.com/balkhashtravel/

Таудың көрінісімен, керемет қонақ үйлер Қарқаралыда да баршылық. Экотуристердің өзі "жұмақ мекені" деп атайтын Бурабайды да тізімнен ұмытпаған жөн. Бұл жер қалың ормандарымен тамаша табиғатқа, таза ауа мен емдік шөптерге өте бай.

Жұмбақтас
Жұмбақтастың көрінісі. Көрнекі фото: instagram.com/burabay.inform/

Шығыс Қазақстанда қайда демалуға болады?

Ең үлкен мемлекеттік ұлттық парк - Қатон-Қарағай туристер арасында өте танымал орындардың бірі. Ол жер, тіпті, ЮНЕСКО-ның ерекеше қорағалатын аймақтары тізімінде бар екенін көпшілік біле бермейді. Дәл осы жерде пантокриндік ем қабылданады, ал бұл ем жасартумен бірге жүйке жүйесін тұрақтандыруға, ағзаның нормада қызмет етуіне көмектеседі. Катон-Қарағай табиғатының сұлулығымен, түрлі шөптерге бай болуымен ерекшеленеді. Ұлттық паркте қарлы тау мен биік шыңдардың, мөлдір көлдер мен тау бұлақтарының үйлесімін табуға болады.

Қатон-Қарағай
Қатон-Қарағай. Көрнекі фото: instagram.com/katon.karagay/

Батыс Қазақстандағы демалатын орындар?

Бұл аймақта Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра мекенін ерекше айтуға болады. Бозжыраны біреулер Америкадағы Юта штатында орналасқан танымал Монументтер жазығына ұқсатса, енді біреулер Қазақстандағы Аризона деп те атайды. Бұл жердегі тасты формалар - жел, күн, судың миллион жылдардағы арнайы соққан мүсіндеріне ұқсайды.

Бозжыра көрінісі
Бозжыра көрінісі. Көрнекі фото: instagram.com/mariaryurikova/

Солтүстік Қазақстандағы танымал шипажай

Солтүстік Қазақстанның маржаны ретінде Имантау-Шалқар курортты аймағы айтуға болады. Бұл жерге келген туристтер жақсы демалып қана қоймай, табиғаттың әсем көрінісінің де куәсі болады. Мұнда таулы массивтермен қатар, Шалқар және Имантау көлдері бар. Олар өздерінің суының тазалығымен ерекшеленеді. Ал жалпы аймақ Бурабай ұлттық паркіне ұқсайды. Бірақ бұл жерде Бурабайға қарағанда туристер аз, сол себепті ол тыныш әрі таза жер болып есептеледі.

Солтүстік Қазақстандағы танымал шипажай
Солтүстік Қазақстандағы танымал шипажай. Көрнекі фото: instagram.com/kupi_telefonchik/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013524-qazaqstandyqtar-nauryz-merekesinde-qaida-demala-alady/

pixel