jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда көлік көпірден құлап кетті: зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай

    Көпірден құлаған көлік
    Алматыдағы жол-көлік оқиғасы. Скриншот: t.me/POLICE_of_KZ

    Алматыдағы Рысқұлов даңғылында көпірден құлаған көлікте болған үш адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан зардап шеккендер дереу жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді.

    4 адамға бас сүйек-ми жарақаты, сүйек сыну және түрлі дәрежедегі дене жарақаттары диагнозы қойылған.

    "Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң зардап шеккендердің бірі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жағдайлары ауыр деп бағаланды. Тағы бір адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ол №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Еске салайық, кеше, 19 наурызда Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысып, салдарынан Toyota көлігі көпірден құлап кеткен еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.