Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пара алған экология басқармасының шенеуніктеріне 265 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Қалтасына ақша салып жатқан ер адам
Қалтадағы ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлай жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі өзінің Telegram-дағы ресми арнасында Алматы қаласы экология департаменті шенеуніктерінің сотталғаны туралы хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев "Реннесанс плюс" ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін бергені үшін 5 млн теңге шамасында ақшалай қаражат алған.

Одан бөлек М. Жексембаев "Компания Стройтекс ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін делдал Б. Рахым арқылы 3 млн теңгеден астам ақшалай пара алғаны анықталды.

Ведомство ақпаратынша, Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен пара алғаны үшін экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы М. Жексембаевқа 96 млн теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды (параның 30 еселенген мөлшері).

Сондай-ақ пара бергені үшін Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес "Экосервис-С" ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен "Компания Стройтекс" ЖШС басшысы А. Мапаевқа сәйкесінше 73 миллионнан астам және 64 млн теңге сомасында айыппұл салуға үкім шығарылды.

"Парақорлыққа делдал болғаны үшін Қылмыстық кодекстің 368-бабы бойынша "Eco Almaty" ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн теңгеден астам соманы құрады.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды", - делінген ведомство ақпаратында.

Қылмыстық кодестің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013618-almatyda-para-algan-ekologiya-basqarmasynyn-seneunikterine-265-mln-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel