Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аспанға бей-берекет оқ атқан": Жетісу облысының полициясы желіде тараған видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

Белгісіз жігіт аспанға оқ атуда
Белгісіз жігіт аспанға оқ атуда. Видеодан кадр: Іnstagram.com/egovpress

Әлеуметтік желіде белгісіз жігіттің "автоматпен" аспанаға қарай бірнеше оқ атқан видеосы пайда болды. Болжам бойынша видео Талдықорған қаласында түсірілген. Бейнероликке қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған кадрдан жол бойында белгісіз жігіттің алдымен аспанға оқ атып, содан кейін тағы бір жігіттің лезгинка билей жөнелгенін байқауға болады.

Видеоны жариялаған пабликтің жазуынша, болжам бойынша видео Жетісу облысының орталығы - Талдықорған қаласында түсірілген.

Жетісу облыстық ПД видеоның назарға алынғанын хабарлады.

"Фондық режимде найзағай ойнағанын ескерсек, (ТЖД мәліметі бойынша соңғы тәулікте облыста найзағай тіркелмеген) бейнежазба екі жазбадан монтаждалған деп болжауға болады, оның біреуі жылы мезгілде түсірілген", - дейді ведомстводан.

Бұл ретте полицейлер барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шараларды қолға алған.

Нәтижесінде қарудан бей-берекет оқ атқан адамның видеосын жариялаған ауыл тұрғыны анықталған. Ол 27 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны болып шыққан. Жігіт полицияға жеткізілген.

Ауыл тұрғыны өз сөзінде Қазақстаннан тыс жерде түсірілген видеоны интернеттен жүктеп алып, кейін монтаждағанын айтқан. Сондай-ақ ол бұл әрекеті үшін өкінетінін айтып, қазақстандықтардан кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013619-aspanga-qarai-birnese-ret-oq-atqan-zetisu-oblysynyn-policiyasy-zelide-taragan-beinerolikke-pikir-bildirdi-video/

pixel