jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мешіттерде жиналған қаражат қайда жұмсалады: Бас мүфти жауап берді

Наурызбай қажы Тағанұлы
Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде пітір садақадан мешіттерге жиналған ақша қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас мүфтидің сөзінше, жалпы пітір садақасы әр мешітке жеке жеке түседі.

"Бір жерге ғана түспейді ғой. Қазақстанда қазір 2700-ден астам мешіт бар. Тұрғындар өздері тұрып жатқан жердегі мешіттерге жеке жеке береді.

Әрине, бір қалаға немесе мешітке қатысты мәлімет керек болса, оның есебін көруге болады және сұраған адамдарға беруге де болады.

Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы айтып кеткендей, түскен садақалар жыл бойы мұқтаж жандарға беріліп отырады", – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ ол мешіттен көмек сұрап келген адамға жәрдем берілмейтін жайттар сирек кездесетінін, оның өзі қаржылық мүмкіндіктерге байланысты екенін атап өтті.

"Әрине кей кезде жағдайлар болуы мүмкін. Кей мешіттерде мүмкіндігі болмай, қаражат мәселесі болуы мүмкін. Бірақ бұл өте аз. Өйткені біздегі әр мешіттің тізімі бар. Бір ауылдың мешіті болса, сол ауылдағы жағдайы төмен отбасылардың тізімі мешітте сақталады. Оларға уақытылы көмектер беріліп тұрады", – дейді Бас мүфти.

Мешіттерде жиналған қаражат қайда жұмсалады: Бас мүфти жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.