Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Наурыз мейрамына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Опубликовано:

Наурыз мейрамын тойлау
Наурыз мейрамы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы полициясы 21 және 22 наурыз күндері яғни Наурыз мерескін тойлауға байланысты қаладағы бірқатар көшеде көлік қозғалысының шектелетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наурыз мейрамын тойлауға байланысты биыл 21 және 22 наурыз күндері қала аумағында түрлі салтанатты іс-шаралар жоспарланған.

"Мерекеге байланысты Желтоқсан, Абылай хан, Назарбаев көшелерінің бойымен Гоголь көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі. Төле би даңғылы бойымен Желтоқсаннан Назарбаевқа дейін ("Астана" алаңында) жол қозғалысы жабылады", – дейді қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Сонымен қатар Алматы полициясы аталған аумақтарда көліктерді қоюға шектеу қойылатынын да ескертті.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке күндері көлік кептелісі мен жайсыз көңіл-күйді болдырмау үшін Алматы полициясы азаматтарды аталған шараларға түсіністікпен қарап, алдын ала қозғалыс бағыттарын реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013674-almatyda-nauryz-meiramyna-bailanysty-birqatar-kosede-kolik-qozgalysy-sekteledi/

pixel