Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап жаңа үйлер салынбақ

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы су тасқыны
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: almaty.tv

Ақтөбе облысында бүгінгі таңда 75 отбасына материалдық көмек көрсетілген, тасқын салдарынан баспаналары қирап қалған тұрғындарға әкімдік жаңа үй салып береді, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ведомство басшысы аймақтағы суға кеткен елдімекендерді әуеден бақылап, апатты жою үшін атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан. Қазіргі деректер бойынша Қобдада 79 үй, аула, дәмхана, мектеп пен спорт кешені, ал Ойылда 25 үй суға кеткен. Қызыл суға шыдамай іргетасы ыдырап, қабырғасы құлаған баспаналар да жетерлік. Шенеуніктер мұның бәрі ескерусіз қалмайды деп сендірді.

"Зардап шеккендердің жағдайын жасап, өтемақы беру үшін облыс әкімдігінде қаржы жеткілікті. Төтенше жағдай кезінде пайдаланатын қосымша қаражат та бар. Қазір комиссия тексеріп жатыр. Шешім шыққаннан кейін, көмек көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды",- деді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Телеарнада деректеріне сүйенсек, Қобдадағы ахуал қалыпқа келгенімен, Ойылдың жағдайы әлі де бірқалыпты емес. Қаратал, Берсив елдімекеніндегі тұрғындар ауыл арасына қайықпен қатынап, белуардан суға батқан үйін алыстан бақылап жүр. Жағдай әлі тұрақталмаған, тасқыннан жапа шеккен ғимараттардың саны әлі де өсуі мүмкін екені айтылды.

"Біраз үйлер төмен жерге салынған. Бірақ табиғат жағдайына қарап отыруға қақымыз жоқ. Кеше біраз азаматтарды, дәрігерлерді жібердім. Бүгін де құр қол келген жоқпыз", - деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар министр ауыл ішін аралап, тасқыннан зардап шегіп, шығынға батқан тұрғындардың жағдайын сұрасты. Үйсіз қалған отбасы балаларын көктемгі демалыста сауықтыру лагеріне жіберетін болды.

Телеарна ақпаратынша, арнайы комиссия су басқан құрылыстарды зерттеп жатыр. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны өтеледі.

"Бүгінде 75 отбасына материалдық көмек көрсетіліп, бюджеттен тыс қаражат есебінен 500 мың теңгеден берілген. Үйі қалпына келтірілмейтін тұрғындар үшін жаңа баспана тұрғызбақ", - делінген телеарна мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013687-aqtobe-oblysynda-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-arnap-zana-uiler-salynbaq/

pixel