Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ қызметкері жауынгерлік тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты (видео)

Опубликовано:

Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын сүйреуде
Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын сүйреуде. Фото: polisia.kz

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық авиабазада ІІМ әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Камалиев МИ-17 жауынгерлік тікұшағын 15 метрге сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, бұл полиция қызметкерінің ресми тіркелген төртінші рекорды. Бұрын ол екі локомотивті, 42 тонналық Airbus ұшағын және 10 жол талғамайтын көлікті орнынан жылжытып, рекорд орнатқан.

Ал бұл жолы МИ-17 жауынгерлік тікұшағын сүйреу үшін Бауыржан Камалиев үш ай дайындалған. Кезекті рекордына қол жеткізген оған Қазақстан рекордтар кітабы ұйымының атынан арнайы сертификат табысталған.

"Бүгін барлығымыз Қазақстан рекордының куәгері болып отырмыз. Күштік экстрим саласындағы белгілі спортшы, ІІМ қызметкері Бауыржан Камалиев біздің кеңсемізге өзінің ұсынысын айтты. Ол бұрын да өзінің рекордтарымен елімізге, әлемге танымал болған. Біз мұндай спортшыларды әрдайым қолдауға дайынбыз", – дейді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Айта кетейік, Бауыржан Камалиев пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері. Ол ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013713-iim-qyzmetkeri-zauyngerlik-tikusaqty-suirep-rekord-ornatty-video/

pixel