"Мақтан тұтамыз": Астанадағы Наурыз мерекесінде Тоқаев Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті (видео)
Жарияланған күні:
Астанада Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шарада мемлекет басшысы белгілі спортшы Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президент Шавкат Рахмоновты мансабындағы кезекті жеңісімен құттықтаған.
"Құтты болсын! Жарайсың! Мақтан тұтамыз! Таяу арада мен сені қабылдаймын", - дейді белгілі спортшымен әңгімелескен Қасым Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы елордадағы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі.
Өз сөзінде президент биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келіп отырғанын айтып, Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013722-maqtan-tutamyz-astanadagy-nauryz-merekesinde-toqaev-savkat-raxmonovpen-angimelesti-video/