jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Аты – Наурыз": асыл тұқымды тазы өсіруші қыз Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты (фото, видео)

Тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартты
Тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартты. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Астанада Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шарада тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Ақорда Telegam-дағы ресми арнасында.

Көрме кезінде "Nomad ұлттық саятшылық" қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев президентке тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндаған.

Өз кезегінде мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтқан.

"Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ көрмеде асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартқан.

Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

"Аты – Наурыз": асыл тұқымды тазы өсіруші қыз Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.