Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурызда таңды қарсы алу қайта жаңғырмақ

Опубликовано:

Наурыз постер
Фото: «Хабар» телеарнасы

Биыл Наурыз мерекесін «Хабар» телеарнасы ерекше атап өтеді. Көрермендерге танымдық, ойын-сауықтық «Таңғажайып Наурыз» мега жобасын ұсынады.

Мерекелік шығарылым эфирден бүгін сағат 22:00-ден 24-00-ге дейін көрсетіледі. Сосын таңғы сағат 07:00-де қайта жалғасатын көрсетілім аясында театрландырылған қойылымдар мен концерттерді тамашалауға болады.

Таңды қарсы алып, жаңа күннің келуімен халықты құттықтау түркі жұртының рухани бесігі – Түркістандағы табиғат аясында арнайы жасақталған ауылда өтеді.

Осы күндері арнайы театрландырылған қойылым мен концерттерді тамашалай аласыздар. Таңды қарсы алып, жаңа күннің келуімен халықты құттықтау Түркі жұртының рухани бесігі – Түркістандағы табиғат аясында арнайы жасақталған ауылда өтеді. Мерекелік шоу үшін безендірілген бас сахна ең озық заманауи технологиямен жабдықталған. Астанадағы басты эфирді үш жүргізуші – Тұрсынбек Қабатов, Мөлдір Доспаева және Алмас Тоғай тізгіндейді. Ал Түркістандағы іс-шараны Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей жүргізеді.

Телекөпір «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісіндей қойылыммен басталады. Түйеге мінген Қанат Әлжаппаров жаңа жылды бірінші көрмекке ұмтылады. Осы сәттегі екі жүргізушінің амандасуы жарасымды әзілмен астасып, ерекше көрініске ұласады. Өнерпаздар әннен шашу шашып, мерекені күймен көмкереді.

Ақшаңқан киіз үйлер тігілген аймақта қолөнер шеберлері түрлі ұлттық бұйымдарды жасаудың үлгісін көрсетеді. Мерекелік эфирге жыл үздіктері қонақ болып келеді. Жүргізушілер елдегі маңызды қоғамдық оқиғаларда жарқырай көрінген азаматтармен сұхбаттасып, әсерге толы әңгіме өрбітеді.

Наурыз – Түркі елдерінің ортақ мейрамы. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Сол себепті еліміздегі өзге этностардың Наурыз мейрамын тойлау ерекшеліктерімен танысуға да мүмкіндік болады.

Құрметті көрермен, Наурыз мерекесін «Хабар» телеарнасымен бірге қарсы алыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013729-nauryzda-tandy-qarsy-alu-qaita-zangyrmaq/

pixel