Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Наурыз құтты болсын!": ғарышкер Жер орбитасынан қазақстандықтарға сәлем жолдады (видео)

Опубликовано:

Дмитрий Петелин
Дмитрий Петелин. Фото: t.me/kostanaynews

Ресейлік ғарышкер Дмитрий Петелин Жер орбитасынан Қазақстан тұрғындарына сәлем жолдап, Наурыз мейрамымен құттықтады. Оның видеосы "Костанайские Новости" Telegram арнасында жарияланды.

"Құрметті қазақстандықтар, әсіресе, қостанайлықтар! Жерлестер, мерекелеріңіз құтты болсын. Өздеріңізді сақтаңыздар. Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге мынаны айтқым келеді: бір-біріңізге ренжімей, бекер ашуланбаңыздар. Бідің планетамыз үлкен және өте әдемі. Мұндай әдемі Жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты.

Бүгін үлкен және жарқын - Наурыз мерекесі. Сіздерге бақыт тілеймін, қиындықтарға жоғарыдан қараңыздар. Күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыздар. Әр күннен ләззат алып, қуана біліңіз. Өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!", - деді ғарышкер Дмитрий Петелин.

Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Дмитрий Петелин 1983 жылы 10 шілдеде Қостанайда дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013766-nauryz-meiramy-qutty-bolsyn-garysker-zer-orbitasynan-qazaqstandyqtarga-salem-zoldady-video/