"Мен қазақпын" әнін нақышына келтіріп орындаған алматылық домбырашылар көптің алғысына бөленді
Жарияланған күні:
Алматыдағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжінің студенттері мен Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектебінің оқушылары Наурыз мейрамында қазақстандықтарды ерекше құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше қыз-жігіттен құралған домбырашылар әнші Ерболат Құдайбергеннің "Мен қазақпын" әнін музыкалық аспапта нақышына келтіріп орындаған.
Видеоны OYU жобасы Instagram парақшасында жариялады.
"Барша қазақстандықты Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!", - делінген жазбада.
Өз кезегінде желі қолданушылары домбырашылардың өнеріне жоғары баға беріп, алғыстарын жаудырды.
"Көп рахмет сендерге, ою! Сендермен бірге замандас болу үлкен бақыт!", "Па-шіркін, япырмай", "Рақмет, жылап алдым", "Еңбектеріңізге рақмет", "Домбыраның әуенін тыңдап жаным тынышталды", - деп жазды олар.
Сонымен қатар бейнежазба астына пікір қалдырғандар арасында режиссер Айсұлтан Сейітов, актерлер Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров, актриса Гүлназ Жоланова және басқа да танымал тұлғалар бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013780-men-qazaqpyn-anin-naqysyna-keltirip-oryndagan-almatylyq-dombyrasylar-koptin-algysyna-bolendi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.