Қазақстанда өткен тәулікте 23 адамнан COVID-19 анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 2023 жылдың 22-ақпанында елімізде коронавирус жұқтырған тағы 23 адам тіркелді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта 1 795 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013817-qazaqstanda-otken-taulikte-23-adamnan-covid-19-anyqtaldy/