Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте олимпиада кезінде 12 бала уланып қалды

Жарияланған күні:

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде Шымкентте олимпиада кезінде 10-нан астам баланың уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жұмыс тобы шыққанын хабарлады.

Блогер Ілияс Мыңжасаров Facebook желісіндегі парақшасында Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы университетте өткен республикалық олимпиада кезінде балалардың жаппай улану дерегі тіркелгені хабарлады.

Оның сөзінше, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы улану фактісін елемей, олимпиаданы кейінге шегермеген.

Бұған қатысты "Дарын" орталығының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"21 наурыз күні олимпиаданың 904 қатысушысының 12-сінде дене қызуының көтерілуі, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы түрінде сырқат белгілері пайда болды. Шақырылған жедел жәрдем мамандары қарап шыққаннан кейін балаларды Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасына жеткізу туралы шешімі қабылданды.

Қазіргі кезде балалардың жағдайы тұрақталды. Шымкент қаласының санитариялық-бақылау қызметі болған жағдайдың себебін анықтау шараларын жүргізуде. Балалар дәрігерлердің бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті аталған қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуде", - делінген "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы таратқан хабарламада.

Бағдарлама бойынша олимпиаданың екінші туры басталғаны атап өтілді. Ал ауруханада жатқан, екінші турға қатыса алмайтын балалар олимпиада соңында ынталандырылады.

Сонымен қатар Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі де жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен вице-министр Шолпан Каринова, Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары, Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанып кетті (...). Жағдай Оқу-ағарту министрлігінің жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013823-symkentte-olimpiada-kezinde-12-bala-ulanyp-qaldy/