jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің мегаполистерінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтілуде

Мысық
Көктемгі күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 24 наурызда Қазақстанның үш мегаполисі - Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін күндіз Алматыда термометр бағанасы +15 +17 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +2+4 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы - секундына 0-5 метр.

Астанада да жұмада жауын-шашынсыз, күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз +5+7 градусқа дейін жылы болса, түнде -3-5 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ синоптиктер қала тұрғындарына жел (2-7 м/с-қа дейін) күшеюі мүмкін екенін ескертіп отыр. Сонымен қатар бүгін тұманға байланысты елордада дауылдық ескерту жарияланды.

Ал Шымкентте де бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз үшінші мегаполисте +22+24 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +6+8 градусқа дейін төмендемек. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Бүгін еліміздің мегаполистерінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.