Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист Махамбет Абжанға қатысты сот үкім заңды күшіне енді

Опубликовано:

Махамбет Абжан
Махамбет Абжан. Фото: facebook.com/mahambet2017

Бопсалау дерегі бойынша сотталған журналист Махамбет Әбжан үкіммен келіспей апелляцияға берген болатын. Алайда сот оған қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласы сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл ақпан айының басында Махамбет Абжан екі бап бойынша кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ірі залал келтіруге әкеп соққан көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша (Қылмыстық Кодекстің 274-бабының 3-бөлігі) және аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша (Қылмыстық Кодекстің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) айып тағылған болатын.

Алайда үкіммен келіспеген Махамбет Абжанмен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданып, Абжанды ақтауды сұраған еді. Дегенмен, апелляциялық сот оған қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған.

"Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді", - делінген сот хабарламасында.

Астана қаласы сотының ақпаратынша, Абжан "ABZHAN NEWS" телеграм-каналының иесі және авторы бола отырып, 2022 жылдың маусымынан шілдесіне дейін БАҚ-ты пайдалана отырып, "Астана-өңірлік электржелілік компаниясы" акционерлік қоғамдастығы басқарма төрағасының орынбасары Г.Қожабаевқа, "Астана Жылу транзиті" басқарма төрағасының орынбасары К. Мукинге және Р. Махатқа (жеке кәсіпкер) қатысты көрінеу жалған мәліметтер жариялаған.

Бұдан бөлек Р.Махаттан 50 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалаған.

Еске салайық, журналист Махамбет Абжан былтыр шілде айында кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013924-zurnalist-abzanga-qatysty-sot-ukim-zandy-kusine-endi/

pixel