Қазақстанның екі облысында ПД басшысының орынбасарлары тағайындалды
Жарияланған күні:
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында полиция департаменттері басшыларының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Досжанов Амангелді Асқарұлы тағайындалды.
Амангелді Асқарұлы ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын тергеу саласынан бастаған.
Маңғыстау облысы ІІД Маңғыстау ауданының ІІБ бастығы, Мұнайлы ауданының ІІБ бастығы, Жаңаөзен қаласының ІІБ бастығы қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Полицияның хабарлауынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы ротация негізінде Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Байжан Исембекұлы 1974 жылы Жамбыл облысы Ерназар ауылында дүниеге келген.
Ол 1995 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы Жамбыл қаласы прокуратурасының тергеуінен бастаған, ол әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2005 жылы Жамбыл облысы ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
Байгелді Байжан Исембекұлы 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013936-qazaqstannyn-eki-oblysynda-pd-bassysynyn-orynbasarlary-tagaiyndaldy/