Риддерде төтенше жағдай жарияланды
Жарияланған күні:
Бүгін Риддер қаласында облыстық ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
Аймақ басшысының айтуынша, Риддер ЖЭО-ның жұмысында үлкен кемшіліктер бар, ал жаңа қожайын (RNGK компаниясы) қаңтар айынан бері ешқандай жұмыс жүргізбеген.
"Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар. Барлығы жұмыс процесінде 67 ақау тіркелді", – деп атап өтті Даниал Ахметов.
Ол бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт шығып, кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенгенін, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаңның жарылғанын айтты.
"Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз. Мәселеден шығудың жалғыз жолы – Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу, біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", – деп түсіндірді ШҚО әкімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013945-ridderde-totense-zagdai-zariyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.