jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті елорда прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржылық пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды агенттіктің ресми Telegram-арнасы.

Аталған компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.

"Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, "Qnet" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды", – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, "Qnet" халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылған.

Бірқатар шет елде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы деп танылғаны атап өтілді. Сондай-ақ оны Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізген.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн теңгені құраған.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға "қамауда ұстау" шарасына санкция берді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайтыны айтылған.

Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.