Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма

Жарияланған күні:

Көрнекі
Құрма. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Намаз оқымасаң онда ұстаған оразаң да қабыл болмайды" деген сөз бар. Жалпы бұл сөз дұрыс емес. Адамдардың бұл сөзді айтуда не дәлелге сүйенгенін біз білмейміз.

Негізі қандай да бір құлшылықтың қабыл болуы үшін шарттар қойылған. Мысалы, ниет болу керек. Ықылас болу қажет.

Оразаға келер болсақ балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс мұсылман адам болу керек. Бірақ біз осы оразаның шарттарын қарайтын болсақ, ішінен ол адамның намаз оқуы керек деген шарт таппаймыз. Яғни ораза ұстайтын адам міндетті түрде намаз оқу керек деген шарт жоқ", – деп түсіндірді "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.

Маман ораза болсын, намаз болсын екеуі де ислам дінінің негізгі тіректерінен болып саналатынын айтты. Сондықтан намаз оқымаған адам ол үшін күнә алады дегенді ескертті.

"Бірақ дегенмен ол адам ораза ұстайтын болса, Рамазан оразасы парыз болғандықтан, Рамазан айының оразасы ол адамның мойнынан түседі. Яғни ол ертең қияметте ол үшін сұралмайды. Бұл Алла тағалаға жақындататын өз алдына жеке-дара құлшылық. Сондықтан жоғарыдағы "намаз оқымасаң ұстаған оразаң қабыл болмайды" деген сөз ешқандай негізсіз, дәлелсіз сөз деп айтса болады", – деп түйіндеді Медет Құрмашұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013984-namaz-oqymaityn-adamnyn-oraza-ustauyna-bola-ma/