Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішімдік ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма

Опубликовано:

Ішімдік
Көшеде шөлмек ұстап отырған ер адам. Көрнекі сурет: Рiqsels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы ішімдік ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жалпы хадисте ішімдік ішкен адамның қырық күнге дейін намазы қабыл болмайды деген дерек келген. Тағы бір риуаятта пайғамбарымыз (с.а.с) осы арақ ішуге байланысты былай дейді:

"Ішімдік ішкен адамның қырық күн намазы қабыл болмайды, егер одан кейін соңынан тәубе ететін болса, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Екінші рет ішетін болса, тағы қырық күн намазы қабыл болмайды. Одан кейін тәубе етсе, Алла тағала тәубесін қабыл етеді. Үшінші рет те солай. Егер төртінші рет тағы да арақ ішетін болса, оның қырық күн намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді. Оны тозақтағы тозақтықтардың іріңінен жиналған сусыннан сусындандырады" дейді", – деп түсіндірген деді "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі.

Дін маманы бұл жерде имам Нәуәуи "намазы қабыл болмайды" деген сөзді намазы мойнынан түседі, бірақ сауабы болмайды деп түсініктеме бергенін де қосты.

"Ораза да дәл сол секілді. Яғни, Рамазан айы басталмай жатып бір екі күн алдын ішімдік ішіп қоятын болса, ол адам соңынан тәубе етсе, оның оразасы дұрыс болады әрі сауабы да иншАлла беріледі. Себебі, бұл жердегі сауабының болуы, болмауы – тәубе етуіне байланысты дейді. Сондықтан егер тәубе етіп, ары қарай оразасын бастап жатқан болса иншАлла оразасы да дұрыс болады, оның сауабы да мол болады. Егер тәубе етпейтін болса, оразасы мойнынан түседі. Бірақ сауабы болмай қалуы мүмкін", – дейді Бауыржан Әбдуәлі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013989-araq-isken-adam-40-kunge-deiin-oraza-ustai-almai-ma/