Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда екі жасар баланы 17 жерінен пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

күдікті
Күдікті. Көрнекі фото: Аrnapress.kz

Теміртауда екі жасар балақайды 17 жерінен пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. 24 жастағы ер адам қылмысын мойындады, деп хабарлайды KTK арнасы.

Арна мәліметінше, азаматтық некедегі жұп пәтерді соңғы екі айдан бері жалдап тұрған. Аспаз болып жұмыс істейтін келіншек кезекшіліктен келіп, үйіне кіре алмаған. Кейін пәтер қожайынынан кілтті алып, ішкі кіргенде талып қалған.

КТК арнасының мәліметінше, полиция күдіктіні кешеден бері іздеп, бүгін оны қала көшесінен ұстаған. Күдікті бала жылай бергесін, қолына пышақ алғанын айтқан.

"24 наурыз күні жүргізілген кешенді жедел іздестіруде Теміртауда кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды.

Ол қылмысын мойындады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Теміртау қаласы полиция басқармасының бастығы Мақсат Әшімов. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013996-temirtauda-eki-zasar-balany-17-zerinen-pysaqtap-oltirgen-kudikti-ustaldy/