Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында тағы бір ауылды су басып, төтенше жағдай жарияланды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы су басқан ауыл
Ақтөбе облысында үйлерді су басып, төтенше жағдай жарияланды. Скриншот: ktk.kz

Ақтөбеде Қобдадан кейін Ойыл ауданы Қаратал ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Мұнда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Қараталдағы өзен арнасынан асып, ауыл су астында қалған. Елдімекендегі 11 үй қызыл суда қалып, тасқын бөгет пен жолды шайып кеткен. Бұдан бөлек көршілес Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені де көтеріліп жатқаны айтылды.

Құтқарушылар табиғи апаттың алдын алуға бар күшін салып жатыр. Қазіргі таңда Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы тасқын қаупі сейілді. Бірақ қызыл су бөгетті бұзып, ондаған баспана тұруға жарамсыз болып қалған. Шенеуніктер аудан көлемінде төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болғанын жеткізді.

"Кеше Ойыл ауданы Қаратал елдімекенінде болдым. 11 үйдің онына кіріп шықтым. Үйлерге су кірген. Кей үйлердің дәлізіне, кейбір үйлердің өзіне су кірген. Соған байланысты бүгіннен бастап мамандар жұмыс істеп жатыр. Бәрін актілеп, соның қорытындысы негізінде жұмыс істелінеді", - дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин.

Телеарна ақпаратынша, тоқсанға тарта үйді су алған Қобда ауданында жағдай тұрақталған. Ауылдармен қатынас ретке келтіріліп, жарық берілген. Үйін су басқан 12 отбасы әлі аудан орталығындағы спорт мектебінде тұрып жатыр. Баспанасы бүлінгендерге арналған 24 үйдің қазығы қағылды. Ойылдағы Қаратал ауылы да мұндай көмектен шет қалмайды, алдымен шығын есептеліп, көмек беріледі дейді әкімдіктегілер.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014007-aqtobe-oblysynda-tagy-bir-auyldy-su-basyp-totense-zagdai-zariyalandy-video/

pixel