Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суши, бургерді де жеген": Шымкентте уланған оқушыларға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Опубликовано:

Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері
Қағаз толтырып отырған медицина қызметкері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы олимпиадаға келген оқушылардың улануына байланысты жаңа мәліметтер жариялады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна ақпаратынша, мамандар олимпиадаға келген балалар уақытша тұрған үш жатақханада ғана емес, сырттан да тамақтанғанын анықтады. Сондай-ақ дәрігерлер мектеп оқушыларының теңіз өнімдері мен фастфуд жегенін айтты. Сараптама оқушылардың нақты неден алдағы күндері уланғанын анықтайды.

Сонымен қатар оқушылардың бірінің ауыр желшешек диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды. Медицина қызметкерлері вирусты жұқтыру шамамен 10 күн бұрын болған дейді. Олимпиадаға келген оқушылардың ішінен 14 бала ауруханаға жатқызылған.

Дәрігерлер барлық баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін, олар ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын атап өтті.

"Уланған оқушыларға дереу медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде балалардың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілген жоқ. Қазіргі уақытта оқушылардың шағымы жоқ. Олар бургер, суши, салаттар, сорпа, шоколадтар жегенін айтты. Яғни, олар әр түрлі тағам жеген. Олар жолда да, пойызда да, Шымкентке келіп те тамақтанған. Олимпиада 20 наурызда басталса, 19 наурызда балалар Шымкентте болған", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің меңгерушісі Инна Глазебная.

Телеарна хабарлауынша, Шымкенттегі олимпиадаға еліміздің қалаларынан 900 оқушы келген. Ауруханаға жатқызылған қатысушылар олимпиаданың бірінші кезеңінен өткені белгілі болды.

"Бұл жерде балалардың ешнәрсеге кінәсі жоқ. Біз жағдайды баланың пайдасына шешіп жатырмыз. Уланған балалар олимпиаданың бірінші турына қатысып үлгерді. Бірінші турдың қорытындысы шықты. Олимпиада жалғасып жатыр. Ауырып қалған оқушылардың кем дегенде үшінші орын алуға мүмкіндігі бар, оны олимпиаданың соңында қазылар алқасы шешеді. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жағдайға қатысы бар барлық адам жазаланады", - деді "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Уланған оқушылардан қажетті сынамалар алынып, сарапшыларға тапсырылған. Сараптама қорытындысы 27 наурызда белгілі болады.

Дереккаөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014015-susi-burgerdi-de-zegen-symkentte-ulangan-oqusylarga-qatysty-zana-malimetter-syqty/

pixel