Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтау горнизонында әскерилер тамағынан құрт шыққан": Министрлік ресми мәлімдеме берді

Опубликовано:

Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі. Көрнекі сурет: @modgovkz

Қорғаныс министрлігі Ақтау горнизонындағы әскерилердің тамағынан құрт шыққаны туралы мәліметке қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Ведомство мәліметінше, Ақтау горнизонында тамақтың сапасыздығы туралы мәліметке 2023 жылдың 2 наурызында Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тексеру жүргізген.

"Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, "Ана жүрегі" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Маханбет Жақсыгүлмен, Ақтау қаласының тәуелсіз блогері Рамазан Бибігүлмен бірлесіп жүргізген комиссия жұмысы кезінде азық-түлікте құрт бар туралы ақпарат расталмады", - делінген ресми мәліметте.

Ведомство ұсынған дерек бойынша әскерилердің өзі тұтынып жүрген тамағына шағымданбайды.

"Ақтау гарнизонының прокуроры қатысқан мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен әңгіме кезінде жеке құрам асханаларында жәндіктердің болуы бірауыздан жоққа шығарылды. Әскери қызметшілер арасында ешкім дайын тағамның салмағына қатысты шағым түсірген жоқ. Мақалада айтылған заңсыздықтар туралы мәліметтер шындыққа сәйкеспейді, - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар хабарламада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М. Қ. Таласовтың бастамасымен әр асханада ХҚКО-лардағы қызметтерді бағалау бойынша әр сарбаз бен курсант дайындаған тағамның сапасын бағалаудың планшеттік жүйесі енгізілгені айтылған.

"Бүгінгі таңда бір сарбазға тәулігіне 2250 теңге жалпы әскери тамақ құны белгіленген, бұл нарықтық экономика жағдайында ең төменгі баға және айта кетер нәрсе бұл мақалада көрсетілген "көпмилионды кері қайтару" туралы мәлімдеменің дұрыс еместігін растайды" - дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014028-aqtaudagy-askeriler-tamagynan-qurt-syqqan-ministrlik-resmi-malimdeme-berdi/

pixel