Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамауда отырған қызына бауырсақ беріп жіберген қызылордалық әжей ескерту алып тынды

Жарияланған күні:

Дайын болған бауырсақтар. Фото
Дайын болған бауырсақтар. Фото: You tube/Өзбек қызынан қарапайым рецептілер

Қызылорда облысында бауырсақ ішіне флешка салып, тергеу изоляторына өткізбек болған әйел анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтуіне жол берген жоқ.

Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған Т. есімді 62 жастағы әйел қамауда отырған қызына флешка жеткізбекші болған.

Мекеменің қырағы бақылаушылары егде жастағы әйел әкелген сәлем-сауқатты жіті тексеру барысында бауырсақ ішінен фольгаға оралған бір флешканы жасырып қойғанын анықтады. Осы факт бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Бүгінде сот шешімімен азаматша кінәлі деп танылып, әкімшілік ескерту алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014038-qamauda-otyrgan-qyzyna-bauyrsaq-berip-zibergen-qyzylordalyq-azei-eskertu-alyp-tyndy/