Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында бір ауданның екі адамы із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Жоғалып кеткен ер адамдар
Жоғалып кеткен ер адамдар: Pavlodarnews.kz

Павлодардағы еріктілер тобы екі ер адамды іздестіріп жатыр. Екеуі де бір ауданның тумалары, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Рoiskoviki_pavlodara_vita тобы іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Еріктілердің айтуынша, екі адам да әртүрлі уақыт аралығында бір ауданда жоғалып кеткен.

"Илья Сагайдак 23 наурызда үйден шығып кеткен күйі қайып оралмаған. Үйден кетер алдында туыстарына біраз уақытқа шығатынын айтқан. Телефоны мен құжаттарын, ақшасын үйінде қалдырып кеткен. Бұған қоса, жұмысқа шықпаған. Галкин Межекенов 19 наурызда шығыс өнеркәсіп аймағында жұмыстан шыққан, бірақ үйіне немесе жұмысқа қайтып оралмаған", - дейді еріктілер.

Еріктілер іздестіру шараларына атсалысқысы келетін жандар болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина) немесе +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне қоңырау шалуды, сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткендер туралы қандай бір ақпарат болса, осы нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014071-pavlodar-oblysynda-bir-audannyn-eki-adamy-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/

pixel