Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

Опубликовано:

бензин құйып жатқан адам
Бензин құйып жатқан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрлігінің жобасында:

"Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;

АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;

дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге", - делінген.

Жоба 24 наурызда жарияланып, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014085-qazaqstanda-benzin-men-dizeldin-koterme-saudasyna-sekti-baga-belgilenui-mumkin/

pixel