jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

26 градусқа дейін жылы: сейсенбіде Қазақстан мегаполистерінде шуақты ауа райы күтілуде

Гүлдер
Гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 28 наурызда ел аумағы мен Қазақстанның ірі үш қаласы - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады деп, хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, жоғары қысым әсерінен бүгін республиканың басым бөлігінде негізінен жауын шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады.

Ал Алматыда бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды, күндіз +18....+20 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 0-ден 5 метрге дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбіде Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз термометр +11...+13 градусты көрсетсе, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Аздап жел соғуы ықтимал (жылдамдығы 2-7 м/с). Сонымен қатар бүгін қалың тұманға байланысты елордада дауылдық ескерту жарияланып отыр.

Шымкентте бүгін күн ашық, күндіз +24....+26 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ мегаполисте жел күшеюі мүмкін (жылдамдығы 5-10 м/с ).

26 градусқа дейін жылы: сейсенбіде Қазақстан мегаполистерінде шуақты ауа райы күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.