Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң көшеге пышақ ұстап шыққан (видео)

Опубликовано:

Атырауда ер адамдар көшеде жүр
Атырау. Видеодан кадр: Іnstagram.com/atyrauoil.official

Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң қолына пышақ ұстап, айқайлап көшеге шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраудағы оқиғаға қатысты видео бүгін 27 наурызда Іnstagram әлеуметтік желісінде тарады. Желі қолданушылары аталған оқиғаға түрлі пікір қалдырған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, патрульдік полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты 1986 жылғы, 1993 жылғы, 1994 жылғы және 2000 жылғы 4 ер адам ұсталды. Олардың арасындағы отбасылық жанжал өзара келіспеушіліктен туындағаны анықталды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ұсталған 4 ер адам Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014255-atyrauda-er-adam-otbasylyq-zanzaldan-son-kosege-pysaq-ustap-syqqan-video/

pixel