jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жетісу Алатауының тауларында қар барысы пен арқар камераға түсіп қалған

Фототұзаққа түскен қар барысы
Қар барысы. Видеодан кадр: Іnstagram.com/tabigat_union.kz

Аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы Instagram-дағы ресми парақшасында сирек кездесетін жануарлардың фотосы мен видеосын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жетісу Алатауының тауларында бірлестік қызметкерлері, зоолог-ғалымдар, қорықшылар мен аңшылық шаруашылықтардың аңшылары жануарлар ресурстарына мониторинг жүргізді.

"Мұнда аңшылық шаруашылықтар аумағында "тұрақты туризмді дамыту" жобасы аясында барыс пен басқа да сүтқоректілердің санын есепке алу жұмыстары жүргізілуде", – деп нақтылады мамандар.

Қауымдастық жұмыстың өз нәтижесін беріп жатқанын атап өтті. Сирек кездесетін жыртқыштар ондаған фототұзаққа түсіп қалған. Жиналған материалдар мамандарға беріледі.

Сондай-ақ жануарларды көрнекі түгендеу жүргізілді, соның нәтижесінде жануарлардың сирек түрлері тіркелген.

Ғалымдар Қызыл кітапқа енген арқар мен аюды көргені айтылады.

Жобаның CEPF және WWF халықаралық экологиялық қорларының қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны айтылған.

Сондай-ақ қызметкерлер сирек кездесетін жануарлар түсірілген кадрлармен бөлісті.

Жетісу Алатауының тауларында қар барысы пен арқар камераға түсіп қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.