Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшедегі асфальт қармен бірге еріп жатқандай": елорда әкімі жолдардың сапасын сынға алды

Опубликовано:

Астанадағы жолдар
Астана. Фото: Жеңіс Қасымбектің парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында қала көшелеріне асфальт сапасыз төселгенін айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Көктем мезгілінің басталуымен кейбір көшелерде асфальт қармен бірге ағып кеткендей әсер қалдырады. Жолдардың бәрі дерлік сапалы салынбаған. Тұрғындар тарапынан да шағымдар түсіп жатыр. Жауапты басқарма жол қызметкерлерімен бірлесе жөндеуден өтетін жолдар мен көшелердің сапасын әрі ұзаққа шыдамдылығын қамтамасыз етуі керек", – деп жазған қала әкімі.

Сондай-ақ ол биыл жөнделетін көшелер тұрғындардың өтініштері негізінде жасалатынын айтқан.

"Ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар орындарды жөндеу қажет. Сол сияқты елді мекендерде бұрын мүлдем асфальтталмаған көшелер де бар. Ал жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз ету қажет. Жол жұмысының маусымы қысқа. Сол себепті уақыт та тығыз. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз", – дейді Жеңіс Қасымбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014260-kosedegi-asfalt-qarmen-birge-erip-zatqandai-elorda-akimi-zoldardyn-sapasyn-synga-aldy/

pixel