Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заң бәріне ортақ": Қайрат Нұртастың жүргізушісі шулы видеодан кейін жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: instagram.com/taldykorganec.7282

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртас отырған автокөліктің көлік қозғалысына тыйым салынған Талдықорғанның орталық алаңынан өтіп бара жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видеоға қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрдан әншінің көліктің артқы орындығында отырып, Талдықорғанның орталық алаңын видеоға түсіріп жатқанын көруге болады.

Алайда желі қолданушылары өнер иесі мен жүргізушінің әрекетін айыптай жөнелген. Олардың сөзінше, заң бәріне ортақ болуы керек.

"Жол қозғалысы ережелері мен заң тек қарапайым халыққа арналған ғой, солай ма?", "Қайрат па, Қайрат емес пе, заң бәріне ортақ", "Оған айыппұл салу керек", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Бұл видеоға қатысты пікір білдірген Жетісу облысының полиция департаменті Mercedes-Benz жүргізушісінің Талдықорғанда жол қозғалысы ережесін бұзғанын растады.

"Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласы аумағында тоқтатылып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ полицейлер азаматтық ұстанымын танытып, құқық бұзушылыққа қарсы тұрып, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014268-zan-barine-ortaq-qairat-nurtastyn-zurgizusisi-suly-videodan-keiin-zauapkersilikke-tartyldy/

pixel