Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құны 6 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

Асфальт
Сызылған жер. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратынша, Әскери прокурорлар мүлікті мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда.

Белгілі болғандай, 2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданында жалпы ауданы 3,8484 га болатын жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен. Жердің нарықтық құны 6 млрд теңгеден асады.

"Алайда бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген", – делінген хабарламада.

Былтыр 24 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, ол заңды күшіне енген.

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014373-almatyda-quny-6-mlrd-tengeden-asatyn-zer-ucaskesi-memleketke-qaitaryldy/