jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Нәрестенің аяғы
Нәресте. Көрнекі фото: Рexels.com

Сарыағаш ауданының 35 жастағы тұрғыны үш сәбиді дүниеге алып келіп, көпбалалы ана атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Гүлназ есімді ана бір ұл, екі қыз босанған.

Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілген. Нәрестелер 2260 гр, 1570 гр және 995 грамм салмақпен дүниеге келген. Мерзімінен ерте туғандықтан үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Дәрігерлер балалардың жағдайы тұрақты екенін айтады. Үшем дүниеге келген отбасы бұған дейін екі ұл тәрбиелеп отырған.

Көпбалалы ана сұлулық салонында жұмыс істейді. Үшемнің әкесі электрик-монтажшы болып қызмет етеді.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.