Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана полицейлері туысын өлтіру үшін 10 млн теңгеге адам жалдаған күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Тәркіленген заттай айғақтар
Заттай айғақтар. Фото: Рolisia.kz

Астана полицейлері 57 жастағы туысын өлтіруды ұйымдастырмақшы болған күдіктіні тұтқындады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді. Полицияның хабарлауынша, ол үшінші тұлғаның мүддесі негізінде 57 жастағы әйелді өлтіруді ұйымдастырған.

"Ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы "орындаушымен" мәміле жасасып, оған шартты 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде берген, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған", – дейді құқық қорғау өкілдері.

Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтайды. Заттай дәлелдемелер де тәркіленген.

"Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді", – деп хабарлады елордалық полициядан.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушысы ұсталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды. Жәбірленуші оған биыл ақпан айында 500 мың АҚШ долларын (ағымдағы бағам бойынша 226,9 млн теңге) сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған. Өзге деректер тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды", – деп хабарлады полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014403-astana-policeileri-tuysyn-oltiru-usin-10-mln-tengege-adam-zaldagan-kudiktini-ustady/

pixel