Көктем басталғалы Алматыда 48 адамды кене шағып үлгерген
Жарияланған күні:
Алматыда күн жылынғалы кене көбейіп, бір айдың өзінде зиянкестер 48 адамды шағып үлгерген. Олардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекция және паразит ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы қала тұрғындарына кенеден сақтану шараларын түсіндірді, деп хабарлайды KTK арнасы.
Арна мәліметінше, әзірге кене шаққан жері асқынып ауруға ұласқан жайт тіркелмеген.
"48 кене шаққан адамды таулы аймақта, қаланың шетінде, қаланың ішінде шаққан жағдай кездеседі. Негізінде кене таулы аймақта, орманды жерде кездеседі. Олар кененің табиғи ошағы болып табылады. Кенені қалаға үй жануарымен, затпен бірге алып келуі мүмкін. Қала тұрғындары мен қала қонақтарына табиғи ошаққа шыққан кезде неғұрлым жабық, ашық түсті киім киген дұрыс. Басына қалпақ, аяғына етік кигені жөн", - деді инфекция және паразит ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева.
Осы орайда эпидемиологтар халықты қарапайым сақтық шарасын сақтауға шақырады.
- Көкке не тауға шыққанда үстіңді толық жауып тұратын киім кию керек.
- Денесінен кене табылған адам дереу дәрігерге бару керек. Себебі, зиянкестен тарайтын энцефалит пен кене боррелиозы дерті адамды өмір бойына мүгедек етуі мүмкін.
Айта кетейік, биыл кенеден залалсыздандыру жұмысы ертерек басталады. Дезинсекция бригадасы ертең (29.03.2023 - ред.) сегіз орман алқабы мен 144 саябақтағы жасыл желекке дәрі шашуға шығады.
Арна мәліметінше, препараттың адам ағзасына зияны жоқ. Алайда залалсыздандыру жүргізілген аумаққа жоламаған жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014413-koktem-bastalgaly-almatyda-48-adamdy-kene-sagyp-ulgergen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.