Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде бір уақытта түрлі төтенше жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертті

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде бір уақытта түрлі төтенше жағдайлар болуы мүмкіндігін ескертті. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми Telegram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Республиканың кей өңірінде адамдарды қар құрсауынан құтқарып жатса, басқа өңірде - су тасқынымен күресуде. Мұз жару жұмыстарын жүргізіп, қар көшкінін түсіруде. Ал кей өңірде құрғақ ағаш пен шөптің және қамыстың жануын сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

28 наурызда сағат 17: 55-те Алматы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру есептоптары Медеу ауданына жіберілді. Онда 0,7 га алаңда таудың баурайындағы қураған шөптің жануы анықталды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жану жойылды және өрттің одан әрі тау баурайына таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазды министрлік парақшасында.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен сабанды жағудан бас тартуды сұрады.

Министрлік кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Ал істің зардабы ауыр болса, кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014423-totense-zagdailar-ministrligi-elimizde-bir-uaqytta-turli-totense-zagdailar-boluy-mumkin-ekenin-eskertti/

pixel