jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Жауын-шашын, жел және қар көшкіні қаупі: Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

аспан
Ауа райы. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

29 наурыз түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады.

Синоптиктер ертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін екендігін ескертті.

Сәрсенбі күні таңертең Астанада да тұман күтіледі.

2023 жылғы 29-31 наурызда Алматы облысында Үлкен және Кіші Алматы өзендері еріп, қар жамылғысы мен жауын-шашынға байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Синоптиктер қар көшкі қаупі болғандықтан, қар басқан беткейге кірмеуді ескертті.

29 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Ертең таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.

29 наурызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Сәрсенбі күні таңертең және күндіз Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде синоптиктер жауын-шашын (жаңбыр, қар) болатынын айтты. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Жауын-шашын, жел және қар көшкіні қаупі: Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.