jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, тұман, 25 градус жылы: бүгін елдегі ірі қалаларда күн райы қандай болады

Адамдар бағдаршамнан қолшатырмен өтіп жатыр
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сәрсенбі, 29 наурыз күні Алматы мен Астанада күн ашық, ал Шымкентте найзағай болуы мүмкін. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған.

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз термометрлер бағаны 21-23, түнде 8-10 градус жылыны көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 0-ден 5 метрге жетеді.

Астанада бүгін ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 12-14 градус аралығында жылы болса, түнде 3-5 градусқа дейін суытады. Елорда тұрғындарына желдің 9-14 м/с-қа дейін күшейетіні және тұман түсетіні ескертіледі. Тұманға байланысты Астанада дауылдық ескерту жарияланған.

Шымкентте найзағай күтілуде, соған қарамастан мегаполисте күн жылы болмақ: күндіз термометрлер 23-25 ​​градус жылы болса, түнде 10-12 градус жылы. Мұнда да жылдамдығы 15-20 м/с-қа жететін қатты жел мен найзағайға байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Найзағай, тұман, 25 градус жылы: бүгін елдегі ірі қалаларда күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.